"Ене үшін өміріндегі ең маңызды жан ол әрине келіні!"
Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Әбдікәрімованы туған күнімен ерекше құттықтады
Желідегі парақшасында өзінің жүрекжарды тілегін арнаған.
"Ене үшін өміріндегі ең маңызды жан ол әрине келіні! Неге десеңіз ененің өмірінің жалғасы, ұрпағын жалғастырушы келесі анасы өз келіні. Мінекей бүгін біздің отбасымыздың әсіресе менің ең алғашқы қызығым, тұла бойым тұңғышым, сіздердің де ақ Қайроштарыңыздың , үлкен махаббатымен өмірлеріңізге еніп, жүректеріңізден орын алған, Жұлдыз келініміздің туған күні құтты болсын! Алла өмір жасын ұзақ, ғұмырлы, мәнді етсін!", - деп жазды ол.
Желі қолданушылары Гүлзира ханымның бұл жазбасына риза болып, түрлі пікір қалдырды.
"Қызыңыз сияқты еркелеп тұр", "Осылай бірге көру бізге үлкен қуаныш", "Ене болса сіздей болсын. Құтты болсын", - деп жазды оқырмандар.