$ 478.77  548.62  5.87

«Тағы туып, 10 балаға жеткізсін»: Абай Бегейдің қызы екінші анасын қолдап шықты (ФОТО)

"33 жастағы әйел тумағанда, кім туу керек?"

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Танымал әнші Абай Бегейдің қызы Гүлеркем Бегей әлеуметтік желіде әкесі мен оның жары Фариза Жұманова туралы айтылған сын пікірлерге жауап берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Еске сала кетейік, жуырда әнші сегізінші рет әке атанып, отбасында қыз бала дүниеге келген еді. Бұл жаңалық желіде кеңінен таралып, көпшіліктің қызу талқысына түсті.

Қуанышты хабармен қатар, кейбір қолданушылар әншінің отбасына қатысты жағымсыз пікірлер қалдырған. Солардың бірі:

«Қыздарымен қатарласып туып жатыр екен. Бауыр берік болсын», – деп жазған.

Осы пікірлерге байланысты Гүлеркем отбасын қорғап, өз ойын ашық білдірді. Оның айтуынша, анасының жасы бала сүюге әбден лайық:

«33 жастағы әйел тумағанда, кім тууы керек? Денсаулығы көтерсе, 40 жасқа дейін тағы да бала сүйіп, санын 10-ға жеткізіп, әкеміздің арманын орындасын деп отырмыз. Тіпті 50 жаста босанып жатқандар бар ғой. Неге дәл бізге келгенде бәрі басқаша қабылданады?» – деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0