$ 481.54  553.24  5.93

«Әкесі де, анасы да кетті-ау»: Әнші Qanay сахнада көз жасына ерік берді

Желі қолданушылары әншінің бұл әрекетіне түсіністікпен қарап, жұбату сөздерін жазды.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

«Qanay» лақап атымен танымал әнші Нұрболат Қанай сахнада көз жасына ерік берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әнші сахнада “Мама” әнін орындау кезінде жақында дүниеден өткен анасын есіне алып, көз жасын тыя алмады. 

Соңғы ауыр жағдайлар өнер иесіне оңайға соқпады. Қаңтар айында әншінің әкесі де өмірден өткен еді. 

Желі қолданушылары әншінің бұл әрекетіне түсіністікпен қарап, жұбату сөздерін жазды.

«Үнемі күліп, күлдіртіп жүретін адамның жылағанын көру қандай қиын», «Ананың орнын ешкім баса алмайды», «Жаным-ау, жүрегім езіліп кетті», «Қанайдың мұндай қалпын алғаш көруім. Анасын Алла рақымына алсын!», «Әкесі де, анасы да кетті-ау», «Мықты бол»,– деп жазды көпшілік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0