$ 482.33  557.57  5.74

«Баласына қасиеті дарыған»: Қуандық Рахымның марқұм анасы ән салған видео тарады (ВИДЕО)

Желі қолданушылары осы тұста түрлі пікір білдіріп, анасынан айырылған әншіге қолдау көрсетті.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Желіде әнші Қуандық Рахымның бағдарламада ән салған видеосы тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы jaqsy_adamdarym инстаграм парақшасы жазды. 

"Қуандық Рахымның анасы біздің бағдарламамызда ән салған кезі... Жақсы Адам, Жақсы Ана еді… Алла алдынан жарылқасын", - делінген жазбада. 

Желі қолданушылары осы тұста түрлі пікір білдіріп, анасынан айырылған әншіге қолдау көрсетті.

"Қуандық айналайын, жүзің жарқын, өте көркем жігітсің ғой… қайғыңа ортақпын… анаңды алдынан жарылқасын... жас қой… өте өкінішті…", "Бағдат мұғалім биязы, ақжарқын еді. Қуандыққа ана қасиеті дарыған. Бағдат мұғалім «Сәтбаев вальсін» тамаша орындаушы еді. Иманыңыз жолдас болсын!", "Анамыз да керемет әнші болған екен ғой", "Қуандық анасына ұқсаған әнші болыпты", деді олар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0