$ 482.33  557.57  5.74

«Досыма рақмет!»: Мөлдір Мұқанова сүйінші жаңалығымен бөлісті (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйелі, танымал әнші Мөлдір Мұқановаға құрбысы көлік сыйға тартты деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

"Алла адамға айтпай сынақ ғана бермейді, айтпай сыйлық та береді. Ниетің қандай түзу болса - жолыңа да тілектес, ниеттес адамдар жолығады.

Екі аяғыма шүкір деп жаяу жүргенімде Айгүл төрт аяқты тұлпар сыйлап таңғалдырды. Көркің де, көлігің де, өмірің де тозбасын деп тілек білдірген досыма үлкен рақмет!

Қазақ бай болсын, бір-біріне сай болсын!

Дөңгеленген дүниеде көліктеріңнің дөңгелегі айнала берсін құрбым!" деп жазған Мөлдір Мұқанова көлікке ие болған сәтінен видеосын да жариялады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0