Желі қолданушылары бұл жазбаға түрлі пікір қалдырып, әйелдің қоғамдағы орны мен ер азаматтардың тәрбиесі туралы ой қозғады.
Танымал блогер Айжұлдыз Адайбекова әлеуметтік желідегі жаңа жазбасында әйелдің қоғамдағы рөлі мен ер азаматтардың жауапкершілігі туралы ой бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ол өз жазбасында әйелдердің мәртебесін көтеріп, ер балаларды жастайынан тәрбиелеу керек екенін айтты.
«Әйел. Көп жағдайдың бәріне көзін жұмып, жан жағына құтқарушының рөлін алады, кем болғанынан емес, жүрегі кең
Сонда да оған қарсы сөйлеп, әйелден кемшілік іздейтін қаншама надан 46 хромосомадан пайда болған МҒҚ-лар бар.
Сонда ол отбасының берекесін қорғайды, бала туады, кірін жуады, тамағын істейді, сабағын оқытады, ақша да табады, кейде арманынан бас тартады. Сонда да аузы нашар сөзге толған біздің кейбір патриоттарымыз жерден алып жерге салады.
Қызыңа ие бол емес. Ұлыңды тәрбиеле айналайын
Бәріне айтылған емес, бірақ 79% адамдарға айтылған сөз», - деді ол.
Желі қолданушылары бұл жазбаға түрлі пікір қалдырып, әйелдің қоғамдағы орны мен ер азаматтардың тәрбиесі туралы ой қозғады.