Кеше, 11 ақпанда Димаш Құдайберген өзінің YouTube-арнасында «Ғашықтық» атты жаңа әнін ресми түрде ұсынды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бейнебаян минимализм стилінде түсірілген. Клипке 40 музыкант қатысып, ерекше атмосфера қалыптастырған. Видеоны танымал режиссер Ғалым Асылов түсірген.
Өнер иесі Instagram парақшасында тыңдармандарына жүрекжарды үндеу жолдады:
— Қымбатты достар! Сіздерге деген шексіз махаббатым мен алғысымды сөзбен емес, ән арқылы жеткізгім келді, — деді Димаш.
Бұл жолғы үндеу оның «Voice Beyond Horizon» продюсерлік жобасына көрсетілген қолдауға байланысты айтылған.
— 12 ақпанда «Voice Beyond Horizon» шоуының екінші бөлімі Hunan TV телеарнасынан көрсетіледі. Ал алғашқы шығарылымы менің YouTube-арнамда жарияланған. Елімізде әрдайым береке мен тыныштық болсын! Баршаңызды құшақтаймын! — деп түйіндеді әнші.
Сонымен қатар, халықаралық телевизиялық жоба 14 ақпанда «Qazaqstan» телеарнасынан көрсетіледі. Арна бұл туралы әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында хабарлады.