$ 490.58  584.77  6.34

«Әр сөзі-сабақ»: Роза Рымбаеваның келіні енесі жайлы ашық айтты (ВИДЕО)

"Мен де мама туралы ауыз толтырып айта аламын". 

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Танымал әнші, Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаеваның келіні Ақерке Бүркітбай Revue бағдарламасына сұхбат берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол Роза хайнымның қандай ене екенін айтты.

"Мен де мама туралы ауыз толтырып айта аламын. Ол кісі себебі қанша өмірлік, сахналық тәжірбие көрген. Менің барлық жағынан алатыным бар. Өмірлік жағынан да, әнші ретінде де. Күнделікті біздің үйдегі сөйлесуіміздің барлығы мен үшін сабақ. Дегенмен соңғы сұхбатында мамамның айтқан сөздері одан да үлкен жауапкершілік артады. Соған сай болуға тырысамын", - деді ол.

Желі қолданушылары Ақеркенің ақылдылығы мен тәрбиесіне тәнті болды.

"Екінші келіні де адалынан болсын", "Қазақы тәрбиелі, иманжүзді қызға үйленген Әли", "Розадай енесі бар сен Бақыттысың", "Ақерке, жарайсың! Келіндерге үлгісің. Алла тіл көзден сақтасын", "Әли жар таңдауда жаңылыспапты", - деп жазды оқырмандар

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0