$ 491.88  585.83  6.36

«Өзіңдей кім ұқсын»: Димаштың күйеу баласы ерекше жазба жариялады (ФОТО)

Ол қалыңдығы Раушан Құдайбергенге өз сезімін білдірген. 

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Димаш Құдайбергеннің күйеу баласы Ермахан Аймахан желідегі парақшасында ерекше суреттерін бөлісіп, жылы жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол қалыңдығы Раушан Құдайбергенге өз сезімін білдірген. 

"Дәл өзіңдей қайдан ұқсын қайғымды ел,
Ғашық көңіл мәңгі жасыл айдын көл.
Ғашықтықпен өткен күндер ғана өмір,
Ал қалғаны жай күндер…", - деп Мұхтар Шахановтың өлең жолдарынан үзінді келтірген. 

Желі қолданушылары Ермаханның бұл жазбасын жылы қабылдап, түрлі пікір қалдырған. Олардың ішінде Димаштың анасы Света Айтбаева да бар. 

"Тамаша жұп", "Бақытты болыңыздар", "Сондай сүйкімді", "Дорамадағыдай", деді олар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0