$ 494.75  586.77  6.38

Ақбота Керімбекова Роза Рымбаева туралы жазба жариялады (ВИДЕО)

Желі қолданушылары Ақбота Керімбекованың бұл жазбасын жылы қабылдап, түрлі пікір қалдырды. 

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Әнші Ақбота Керімбекова өнердегі әпкесі Роза Рымбаева туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әнші Халық әртісінің концертінен кейін өз тебіренісін жеткізді. 

"Бүгін – қазақ өнері үшін айрықша, жүрекке жақын күн. Қазақстанның халық әртісі, өнердің шын мәніндегі символына айналған Роза Қуанышқызы әпкеміз сахнада жүргеніне 50 жыл толуына орай мерейлі концертін өткізді.

Жарты ғасыр… Бұл – жай ғана уақыт емес, бұл – халықпен бірге соққан жүрек, мыңдаған әнге, миллиондаған сезімге айналған ғұмыр. Әр әні – тағдыр, әр әуені – естелік, әр шығуы – сахнаға деген шексіз махаббаттың дәлелі.

Роза Қуанышқызы – бір дәуірдің үні, бірнеше ұрпақтың жүрегінде сақталған асыл есім. Сахнаңыздан нұр кетпесін, дауысыңыз мәңгі жаңғырып, өнеріңіз ұлтпен бірге жасай берсін! Мерейіңіз үстем, жолыңыз жарық болсын!", - деді ол. 

Желі қолданушылары Ақбота Керімбекованың бұл жазбасын жылы қабылдап, түрлі пікір қалдырды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0