$ 494.63  583.22  6.42

«Кезінде Димашты сынап еді…»: Бағым Мұхитденованың жаңа әні көпшілікке жақпай қалды (ВИДЕО)

Депрессияға түссе, айналысатын басқа да істер бар ғой.

Фото: коллаж Sn.kz
Фото: коллаж Sn.kz

Танымал музыкалық продюсер Бағым Мұхитденова жаңа әнін көпшілік назарына ұсынды. Алайда өнер иесінің жаңа туындысы тыңдарман тарапынан жылы қабылдана қойған жоқ, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желі қолданушылары әнге қатысты түрлі пікір білдіріп, оны бұрын Димаш Құдайбергенге айтқан сынымен салыстырған.

Желіде жазылған пікірлердің бірқатары мынадай:

«Ойбу, Димашқа сын айтып еді, өзі мынадай ән шығарып, мен ұялып тұрмын»,
«Мұрнымен маңқылдап айтады екен»,
«Өзін өзі тыңдай ма екен? Димашты сынап еді, кездесіп қалса не айтар екен? “Сенің күшті әнші боларыңды білгенмін” дер ме екен»,
«Мүлде келіспейді. Жасы келген соң қойғаны дұрыс сияқты. Депрессияға түссе, айналысатын басқа да істер бар ғой», – деп жазды желі қолданушылары.

Дегенмен кейбір тыңдармандар керісінше, биылғы жылды Бағым Мұхитденованың шығармашылығындағы «прайм эрасы» деп бағалап, оның ізденісін қолдап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0