Келін ененің топырағынан деген...
Танымал өнерлі жұп Жанболат пен Жазира ұлының таңдауын көпшілікке паш етті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
«Ал,сүйінші! Келініміздің жүзін бейнебаянда көрсету - бір бөлек әсер. Жандос Қаржаубайдың әніне , Бақыт Қалибектің сөзіне жазылған “Бауырсағы балдай қыз” әні
«Әгугәй» ансамблімен бірге түсірілген бейнебаянымен көрерменге жол тартты.Жаңа туындыны тамашалап, жақсы көңіл-күймен қабыл алыңыздар», деп жазды өнер иесі.
Көпшілік Жазираның келіні өзінен аумайды деген пікірде.
«Жастар бақытты болсын. Жұғысты болсын ұлыма», «Құтты келін болсын», «Жазираның өзінен аумайды екен», деп жазды көпшілік.