Жаңа жылды отбасымен бірге Бурабайда қарсы алған.
Белгілі актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа жылға арналған отбасылық видеосын әлеуметтік желіде жариялады, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.
Ол Жаңа жылды отбасымен бірге Бурабайда қарсы алған. Жарияланған видеода Қайрат Нұртас та көрініп қалады.
Актриса балаларына жүрекжарды тілегін арнады:
«Балаларыма: сен — Жаратқанның сүйікті жаратылысысың. Ештеңеге қызықпа, ешкіммен өзіңді салыстырма. Барға шүкір, жоққа қанағат. Өткен жылға ризашылықпен қарап, келер жылға жаңа жоспар құрайық», — деді ол.
Сондай-ақ, ол Жылқы жылы Қазақстан үшін берекелі болады деген сенімін білдірді.
«Жылқы жылы біздің ел үшін құтты болары сөзсіз. Қазақтың мінезі де сәйгүлікке ұқсайды. Бұл — халқымыз үшін киелі жануар. Әрдайым жақсылыққа жорылатын жыл. Біз қолдаудан шаршамаймыз, ал таңдау — өздеріңде», — деп жазды актриса парақшасында.
Көпшілік жұлдызды жұпқа ақ тілектерін жаудырып, жылы пікірлер қалдыруда.