$ 511.26  597.61  6.32

«Асылдың сынығы»: Батырхан Шүкеновтың ұлы Бибігүл Төлегеновамен кездесті (ВИДЕО)

"Батыр Бибігүл Ахметқызын өте қатты жақсы көретін".

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Танымал әнші Батырхан Шүкеновтың ұлы Мақсұт қазақтың бұлбұлы атанған Бибігүл Төлегеновадан бата алып, желі қолданушыларынан жылы қолдау тапты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы әлеуметтік желіде Лека Савельева есімді қолданушы жазған.

Оның айтуынша, Жаңа жыл қарсаңында өткен бұл кездесу ерекше мейірім мен адамдыққа толы сәттердің бірі болған.

«Аңызға айналған Батырымыздың ұлы Мақсұт Бибігүл Ахметқызының үйіне қонаққа барды. Батыр Бибігүл Ахметқызын өте қатты жақсы көретін. Оның махаббаты жасандылықсыз, шынайы еді. Ол үшін Бибігүл апайы екінші анасы сияқты болды. Консерваторияда оқыған кезінде де оның үйі жарық сәулесі сөнбейтін, жылуы мен мейірімі көп шаңырақ еді», — деп жазды ол.

Желі қолданушылары бұл жаңалыққа қуанып, Мақсұтқа да, Бибігүл апаға да ақжарма тілектерін білдіріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары