Былтыр бес рет ауырдым.
Танымал әнші Роза Әлқожа өткен жылды қорытындылап, басына түскен сынақтары жайлы алғаш рет оқырмандарына сыр шертті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Роза Әлқожа жазбада жыл бойы бастан өткен қуанышты жаңалықтарды және өзінің бірнеше мәрте ауырғаны жайында атап өткен.
"Былтыр бес рет ауырдым. Өкпенің қадірін дәл осылай түсінбеген шығармын?! Метапневмония, бронхит, ларингит болып жүргенде бір жағы вокал жақсы көмектесті деп ойлаймын. Әйтпесе күркілдеп жүріп бөпе шомылдырып, жаңа босанған анаға қарау оңай емес. Үйдің шаруасын жасап жүріп алда той жасайтынымыз, кеш беретінім үлкен мотивация болды", - деп жазды әнші әлеуметтік желіде.