$ 511  602.72  6.49

«Қолында түгі жоқ жігіт»: Мөлдір Мұқан Тұрсынбектің жағдайы болмағанын жайып салды

Мөлдірдің айтуынша, ол бала кезінен баршылықты көріп өскен. 

Фото: instagram.com/ayaru.tursunbekkyzy
Фото: instagram.com/ayaru.tursunbekkyzy

Медиа кеңістікте танымал  Мөлдір Мұқан «Тек қана қыздар» подкастына берген сұхбатында жеке өміріне қатысты көпшілікке беймәлім жайттарды ашып айтты. Ол әулетті, жағдайы жақсы отбасынан шыққанын, соған қарамастан махаббат үшін қолында түгі жоқ жігітке тұрмысқа шыққанын жасырмады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Мөлдірдің айтуынша, ол бала кезінен баршылықты көріп өскен. Үйінде үш бөлмеде үш теледидар болған, ауылдағы алғашқы түрлі түсті теледидар да, жұмсақ диван да олардың шаңырағында тұрған. Алайда тұрмыс құру кезінде материалдық жағдай емес, сезім алдыңғы орынға шыққан.

«Қолында түгі жоқ жігітке тұрмысқа шықтым. Сол үшін нөлден бастадық», – деді ол.

Сондай-ақ ол ата-анасынан ерте айырылғанын айтып, өмірдің талай ауыр кезеңдерінен өткенін жеткізді.

«КВН мен футболды ұнатпаймын. Бірақ соңында КВН ойнайтын жігітке тұрмысқа шықтым», – деп әзіл-қалжың аралас пікір білдіргені де назардан тыс қалмады.

Бұл сұхбат желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Бірі Мөлдірдің ашықтығын, өмірлік таңдауын түсіністікпен қабылдаса, енді бірі оның бұрынғы жұбайына қатысты сөздерін орынсыз деп сынады. Пікірлер арасында:

«Текті, көреген жердің қызы бұлай айтпас еді», «Қолында дымы жоқ деп айту – ұят», «Сені халық сол жігіттің әйелі ретінде таныды» деген сын да, «Әр адамның өз шындығы бар», «Махаббат үшін бәрінен бас тарту – батылдық», деген қолдау да қатар жазылды.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары