$ 511  602.72  6.49

«Мөлдір де солай айтқан»: Қайрат Әділгерейдің әйелі тоқал тақырыбын көтерді (ВИДЕО)

Әншінің бұл ойына қатысты желі қолданушылары түрлі пікір жазды. 

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Әнші Бақыт Тұрман "Kezdesu" ютуб арнасына берген сұхбатында тоқал тақырыбы туралы сөз қозғады, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы. 

Ол күйеуі Қайрат Әділгерейдің ерекшелігіне тоқтала кетті. 

"Мен Қайратты көп ер адамға қарағанда басқаша көремін. Ерекше көремін. 20 жылдық отбасылық өмірде өзіме деген шексіз махаббатты көріп келе жатырмын. Басқаларға көрінбеуі мүмкін. Тек мен ғана көре аламын. Оны біреуге айтып нем бар? Сол ретте тоқал туралы тақырып бізді мүлде ойландырмайды. Ондай жағдай болып жатқаны өкінішті. Менің ойымша, ол бір сәттік адасу. Сезімге берілу, құлазу. Бірақ берекелі әрі қалыпты өмірді қалайтын болсаңыз, ұйып отырған отбасыдан артық ештеңе жоқ", деді Бақыт Тұрман. 

Әншінің бұл ойына қатысты желі қолданушылары түрлі пікір жазды. 

"Мөлдір де кезінде солай айтқан", "Бүлінген мен сүрінгенді сөз етпе", "Ер адамның бұзылуы бір-ақ күн. Жолдан тайдырмасын деп тіле", "Біреуге күліп, басыңа келмеуіне кім кепіл?", "Артық сөйлеудің қажеті жоқ", деді олар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары