Бұл тосынсый көрермендер арасында үлкен ықылас тудырып, әлеуметтік желіде кеңінен талқыланды.
Түркістанда өткен «МузАРТ» музыкалық драмасының екі күндік премьерасы аншлагпен өтіп, көрерменге ұмытылмас әсер сыйлады. Спектакльден кейін залда ерекше бір жылы атмосфера орнап, өнер иелерінің сахнадағы әртістерге сый-сыяпат жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қойылым соңында әнші, «МузАРТ» тобының мүшесі Сәкен Майғазиев көпшілік күтпеген қадамға барған. Ол сахнадағы әріптесіне костюм мен қымбат сағатын сыйға тартты. Бұл тосынсый көрермендер арасында үлкен ықылас тудырып, әлеуметтік желіде кеңінен талқыланды.
Желі қолданушылары өнер иесінің жомарттығына ризашылық білдіріп, түрлі пікір қалдырды. «Сәкен ақкөңіл жігіт, мінезі ашық. Балаларды қолдап, рух берді. Өнердегі ағалар осылай мәрттігін көрсету керек», «Мәртебеңіз биік болсын! Нағыз сыйлық – есте қалар сыйлық», «Қазағымның жігіттері мәрт қой, осындай азаматтарымыз аман болсын» деген жылы лебіздер жиі кездеседі.