Айтуынша, оның күйеу баласы қызғаншақ болған әрі қарындасына күн көрсетпей, ұрып-соққан көрінеді.
Алматылық заңгер ТЮЗ актерлері Гауhар Шарипа мен оның актер күйеуі Мұхитдин Шынтаевтың өлімі туралы сұмдық дерекпен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Заңгер сол күнгі актерлердің өлі денесін өзі көргенін мәлімдеді. Айтуынша, оның күйеу баласы қызғаншақ болған әрі қарындасына күн көрсетпей, ұрып-соққан көрінеді.
«Өзімнің күйеу балам Мұхит қызғаншақ еді. Сол қызғаныштың арқасында үйде күнде ұрыс болатын. Қарындасым жасыратын, бірақ сезетін, себебі күйеуі көк ала қойдай қылып ұрып тастайтын. Маған көрсетпейтін, бірақ өзім сезіп, бірнеше мәрте көргенмін.
Сол барлығына заңның жұмсақтығы. Он жыл бұрын болған оқиға ғой. Қазіргідей қатаң емес еді. Сондай ұрып-соғу орын алғаннан бастап әйелдің құқығы қорғалу керек еді. Бірақ олай болмады, ақыр соңы қарындасымнан айырылып қалдым. Оқиға театрдың жертөлесі сияқты кішкентай бөлмеде болған. Қойды бауыздағандай сол бөлменің барлығы қан еді», - дейді заңгер.