$ 541.68  636.26  6.48

Әнші Ақбота-Нұрдың ер адамның алдында жартылай жалаңаш жүрген видеосы тарады (ВИДЕО)

"Тоты құстан тоты құс қалдырмады".

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Танымал актриса Ақбота Нұрабайқызы съемкалардың бірінде бассейнде жүрген сәтінен желіде видео жариялады, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы.

Видеодан Ақбота Нұрабайқызының актер Берік Айтжановпен бірге бассейнде жүргенін байқауға болады.

«Артқы сахнаның бір көрінісін бөліскім келеді... Күздің салқын суығына қарамастан, бассейнде түсірілім өтті. Мұндай сәттерде дене тоңып, сан алуан күй кешсек те, рөлге бойлап, кейіпкердің жан дүниесін көрерменге айна-қатесіз жеткізуге тырысып бақтық. Шынайы кәсібилік дәл осындай шақтарда сыналады, жағдай талдамай, ыңғайсыздықты елемей, бар жан-тәніңмен образға ену – нағыз шеберліктің белгісі. Себебі өнердің құдіреті тек жайлы сахнада емес, ең қиын сәттерде де талап етілген қойылымды жүректілікпен жеткізе алуыңда! «Үйлену оңай…» – деп жазды актриса.

Желі қолданушылары актрисаның бұл видеосына қатысты түрлі пікір білдірді.

«Берік Айтжановта арман жоқ шығар, тоты құстан тоты құс қалдырмай, сүйіп, құшақтап шықты, әдемі қыздардың бәрін», «Ақбота түрік актрисасы Хандэ Эрчилге ұқсайды», «Сіздің образға берілгеніңізді көріп риза болдым, күшті кадр», «Нан табу оңай емес», – деп жазды желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары