$ 542.8  637.84  6.49

Әлемге әйгілі әнші Рианна үшінші сәбиін дүниеге әкелді

Қуанышты жаңалықты Рианна Instagram парақшасында бөлісті.

Фото: https://www.instagram.com/rihannaofficiall/
Фото: https://www.instagram.com/rihannaofficiall/

Америкалық әнші Рианна үшінші рет ана атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қуанышты жаңалықты Рианна Instagram парақшасында бөлісті. Оның айтуынша, қыздары 13 қыркүйекте өмірге келген. Бұл жаңалық шамамен екі апта бойы құпия сақталып келген. Сәбиге Роки Айриш деген ат қойды. Дүниежүзінің түкпір-түкпірінен әншінің тыңдарманы жаппай құттықтап жатыр. 

Айта кетейік, бұған дейін әншінің екі ұлы бар: үш жастағы RZA және екі жастағы Райот.

Әнші өзінің үшінші жүктілігі туралы мамыр айында Met Gala кешінде Marc Jacobs брендінің сәнді киімімен көпшілік алдына шыққанда жария еткен еді. 

Сонымен бірге, Рианна мен A$AP Rocky әзірге заңды түрде некесін қимаған. Жұлдызды жұп жасырын түрде үйленіп алды деген қауесеттерге қатысты рэпер пікір білдіріп, әзірге растай алмайтынын айтқан.

Қызының дүниеге келуі рэпер үшін ерекше маңызды оқиға болды. Ол қызды болу арманы болғанын жасырған жоқ. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары