$ 542.8  637.84  6.49

«Саша Бароннан жауап болмады»: Димаш «Борат» фильмінің авторы туралы айтты

Әлемге әйгілі әнші "Бизнес под капотом" жобасына берген сұхбатында атышулы фильмді сөз етті. 

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

ҚР Халық әртісі Димаш Құдайберген “Борат” фильміне қатысты көзқарасын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлемге әйгілі әнші "Бизнес под капотом" жобасына берген сұхбатында атышулы фильмді сөз етті. 

“Қазір оған назар аудармаған дұрыс. Бір кездері онымен кездескім келген. Еркекше сөйлескім келеді. Өйткені ол біздің ұлтымызды қорлады. Оған күйе жақты. Ол менің ата-анамды, бауырларымды күлкіге айналдырды. Онымен кездесу үшін қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Тіпті шетелдегі барлық таныстарымды, өзімнің менеджерімді де араластырып, тауып берулерін өтіндім.  Бірақ Саша Бароннан еш жауап болмады, – деді Димаш.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары