Бағдарламаның үзіндісі әлеуметтік желілерде кең тарап, көпшіліктің ашу-ызасын туғызды.
Еліміздегі белгілі бағдарламаға танысуға келген Камалладин есімді жігіт киім үлгісі үшін сынға қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бағдарлама қатысушылардың бірі үміткердің сыртқы келбетін сынға алды.
«Үйленуге келдіңіз бе? Әлде базарға ма? Күмісай, сен осындай адамға тұрмысқа шыққың келіп жатыр ма? Гүл қайда, сақина қайда? Үстіңдегі киімің не мынау? Досыңнан жейде сұрай алмадың ба», — деді қатысушы.
Ал тағы бір қатысушы үміткердің «қыз алуға емес, мал алғандай келді» деп сынға алды.
«Камалладин, сіз мұнда қыз алуға келдіңіз бе әлде мал алуға келдіңіз бе? Неге дұрыстап киініп шықпайсыз? Шашыңызды жуып келсеңіз болады ғой», — деді қатысушы.
Ал кейбір қатысушылар тіпті «мұнда романтиканың емес, малдың иісі шығып жатыр» деп үміткерді мазақ қылды.