Кештің ең есте қалған сәттерінің бірі — Нұрлан Абдуллиннің жас әнші Say Mo-мен бірге дуэт орындауы болды.
Кеше Алматы Аренада қазақ эстрадасының сүйікті әншісі Нұрлан Абдуллиннің ерекше концерті өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Музыкалық кеш тек әнмен ғана емес, түрлі шоу элементтерімен, сахналық қойылымдармен және күтпеген дуэттермен көрерменді таңғалдырды.
Кештің ең есте қалған сәттерінің бірі — Нұрлан Абдуллиннің жас әнші Say Mo-мен бірге ән шырқап, сахнада заманауи би билегені болды. Бұл өнері әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, тыңдармандардың түрлі пікірін тудырды.
Бірі: “Қырықтан асқанымен, харизмасы тасып тұрған жиырма жастағы жігіттей!” – деп таңдай қақса, енді бірі бұл әрекетін сынға алып: “Абдуллин де заманға ілесемін деп бұзылайын деген бе?” – деген көзқарас танытты.
"Әйеліне обал", "Сабырлы жігіт еді, құтырайын деген екен", "Джей Ло өзімізде де бар екен ғой", "Ырбиғандар", "Қатырдым деп тұрсығдар ма?", "Осы еркекті алып тастандаршы сахнадан жүрісі жүріс емес", "Киелі сахнаны былғады", - деп жазды желі қолданушылары.