$ 541.19  636.44  6.49

«Қайрат Нұртас пен Төреғали жүр»: Жандарбек Бұлғақов тойға барамын деп өкініп қалғанын жайып салды (ВИДЕО)

"Ештеңе демедім, 200 мыңымды алып кеттім".

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында өзіне ауыр тиген бір оқиғаны еске алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, той иесі алдын ала уәде бергенімен, өнерін бағаламаған.

«Бір кісі қоңырау шалып, “40 жыл университетте ұстаздық еттім, сенің өнеріңді бағалаймын, тойыма келіп, еңбек жолымды айтып берші” деді. Мен ақы сұрауға ыңғайсыздандым. Ол өзі “200 мың теңге берсем бола ма?” деді. Жағдайым онша емес еді, ұстаз кісі болған соң келістім», – дейді ақын.

Алайда қызықтың бәрі той күні басталған.

«Барсам, мейрамханада эстраданың жартысы отыр. Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі секілді әншілердің бәрін ақысын беріп шақырыпты. Ал маған “200 мың теңге берсем жетеді” дейді. Сонда ақындардың еңбегін бағаламайтыныма көзім жетті. Халық “ақындар ананы айту керек, мынаны айту керек” дейді де, бірақ бағалауға келгенде төмендетеді. Ештеңе демедім, 200 мыңымды алып кеттім», – деп ағынан жарылды Жандарбек Бұлғақов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары