$ 541.19  636.44  6.49

«Сіз біз үшін әрдайым жеңімпазсыз»: Министр Amre-ге қолдау көрсетті

Ол өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында әншінің шеберлігін жоғары бағалап, бір ғана байқаудың оның өнерінің ауқымын анықтай алмайтынын айтты.

Фото: @amre_official
Фото: @amre_official

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Amre атауымен танымал әнші Ернар Садырбаевқа Интервидение-2025 байқауына қатысқаннан кейін қолдау көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ол өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында әншінің шеберлігін жоғары бағалап, бір ғана байқаудың оның өнерінің ауқымын анықтай алмайтынын айтты.

-Сіз біз үшін әрдайым жеңімпазсыз. Байқауда жоғары деңгейде өнер көрсеттіңіз. Әрине, жеңіс те жеңіліс те қатар жүреді. Бірақ бір байқау барлық өнердің өлшемі емес. Сіздің ерек талантыңызды бәріміз құрмет тұтамыз. Жарқын жеңістер әлі де алда. Сізге тек мықты денсаулық, сарқылмас күш-жігер мен шығармашылық табыс тілеймін!,-деп жазды Аида Балаева.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары