$ 519.55  596.03  6.63

«Тізім жасаймын»: Нұрлан Қоянбаев та халықтан 1 380 теңгеден «жинап» алмақ (ВИДЕО)

Есебін жариялап отырамын.

Фото: instagram.com/koyanbaevnurlan
Фото: instagram.com/koyanbaevnurlan

Белгілі әзілкеш, продюсер Нұрлан Қоянбаев халыққа қалжың аралас үндеу тастап, ақша жинап алмақ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Мальдивтен шағын бір арал 2-3 миллион долларға бағаланады екен. Егер әрқайсымыз 1000, 1280 не 1380 теңгеден жинасақ, сатып алуға болады ғой. Ешкімге білдірмей, әлемдегі ең табысты бизнесті иемденіп алу керек», – деп қалжыңдады Қоянбаев.

Бұл әзіл желі қолданушыларының қызығушылығын тудырды.

«Мен арнайы тізім жүргіземін – кім ақша берді, кім бермеді, бәрін есептеп отырамын», «Кеттік, мен 1 миллион қосамын», «1380 теңге деген баға қайдан шықты екен?», «Нұреке, сіз сол аралды алып қойып, жәймен ғана іске кірісіп жатқан сияқтысыз ғой», – деп пікір қалдырды олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 3
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары