Желі қолданушылары Баянның тұсау кесуге лайық емес екендігін жарыса жазуда.
Танымал продюсер Баян Мақсатқызының басы тағы дауға қалды. Бұл жолы ол дәстүрді бұзып, сәбидің тұсауын кескен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Желіде белгілі продюсер Баян Мақсатқызының кішкентай Айсана есімді бүлдіршіннің тұсауын кескен сәті талқыға түсті.
Желі қолданушылары Баянның тұсау кесуге лайық емес екендігін жарыса жазуда.
“Қазіргі ата-аналар кімге тұсау кестіруді білмейді”, “Ажырасып екінші байға тиген әйел неге баланың тұсауын кеседі?”,-деп жазды.