$ 516.16  584.86  6.25

«Жетпіс жасыма тарту болды»: Әнші Майра Ілиясоваға «Халық әртісі» атағы берілді (ВИДЕО)

70 жасқа толған мерейтойымен тұспа тұс келген.

Фото: желіден алынды
Фото: желіден алынды

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әнші Майра Ілиясоваға президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын табыстады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Марапат 70 жасқа толған мерейтойымен тұспа-тұс келген.

"Бүгін мен үшін ерекше күн. Мерейтойыма тарту болды. Өте қуаныштымын", - деп жазды ол.

Аида Балаева да әлеуметтік желіде ерекше лебізін білдірді. 

"Бүгін халық әртісі, қазақтың жезтаңдай әншісі Майра Ілиясоваға мемлекет басшысының құттықтауын табыстадым. Қасым-Жомарт Кемелұлы әншінің ұлттық ән өнерін дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, ыстық ықыласын, ілтипатын білдірді. Майра Ілиясова – ұлт мәдениетінің өркендеуі жолында тынбай еңбек етіп жүрген, ғұмырлы шығармаларымен халықтың жүрегіне жол тапқан біртуар тұлға. Ол тек әнші ғана емес, өнердегі ізін жалғар жастарға жол сілтеген өнеге мектебі. Майра апамыздың тәрбиесін көрген шәкірттер бүгінде елдің сүйікті өнерпаздарына айналды. Ұлт өнерінің шынайы жанашыры Майра Ілиясоваға шығармашылық шабыт, зор денсаулық, толайым табыс тілейміз!" - деп жазды Аида Балаева әлеуметтік желідегі парақшасына.

Желі қолданушылары әнші 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, ақ тілегін жазып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары