$ 516.16  584.86  6.25

Димаш Құдайбергеннің ән кешіне жалған билеттер сатылған

Билеттерді тек билет операторының mticket.com ресми сайтынан сатып алуға болады.

Фото: dimashnews.com
Фото: dimashnews.com

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің командасы интернетте алаяқтар әншінің атынан жалған ақпарат таратып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Бұл туралы dimash.news парақшасында жарияланды.

«Құрметті достар! Димаш Құдайбергеннің Лондон мен Ригадағы концерттеріне жалған билеттерді сататын алаяқтар жасаған сайт пайда болғанын хабарлаймыз. Билеттерді тек билет операторының mticket.com ресми сайтынан сатып алуға болады. Барлық басқа платформа арқылы алынған билеттер ресми емес және концертке жарамсыз болып саналады. Абай болыңыздар!», – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары