$ 516.16  584.86  6.25

«Абсурд. Ақылға сыймайтын радикалды форма»: Дана Нұржігіт депутат Ардақ Назаровты сынап тастады

Дана Нұржігіт депутат Назаровтың «ажырасқандарға салық салу» туралы ұсынысын абсурд және адам құқығына қайшы деп бағалады.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Журналист және қоғам белсендісі Дана Нұржігіт мәжіліс депутаты Ардақ Назаровтың ажырасу мәселесіне қатысты депутаттық сауалына байланысты өз ойын ашық білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, депутат келтірген 400 мың жалғызбасты ана мен 60 мың жалғызбасты әкенің тағдыры — жай ғана статистика емес, терең әлеуметтік зерттеуді талап ететін мәселе.

«Бір де бір адам ажырасамын деп үйленбейді. Әр отбасында әртүрлі себеп бар. Кейде бала үшін, кейде жан тыныштығы үшін ажырасу — ең дұрыс шешім», – деді Дана Нұржігіт.

Дана Нұржігіт депутат Назаровтың «ажырасқандарға салық салу» туралы ұсынысын абсурд және адам құқығына қайшы деп бағалады.

«Адамды еркінен тыс қасында ұстау немесе ‘салыққа ұшыраймыз’ деп ажыраспау — бұл ақылға сыймайтын мәжбүрлеу! Бұл жерде адам құқығы қайда қалды?», – деп ашына жазды ол.

Нұржігіт өз өмірлік тәжірибесімен бөлісе отырып, жалғызбасты ананың тағдырына қоғамның біржақты қарауына да тоқталды.

«Ұл баланы жалғыз тәрбиелеу оңай емес. Бірақ өтірікпен, зорлық-зомбылықпен құрылған отбасында баланың бақыты да, болашағы да бұлыңғыр. Ажырасуды салықпен тежеймін деу — отбасылық құндылықты қорғау емес», – деді ол.

Журналистің пікірінше, мәселені шешудің дұрыс жолы — «Неке және отбасы» кодексін қайта қарап, қоғамдық зерттеу жүргізу.

«Отбасы институтын дәл осындай радикалды формада ‘қорғамасаңыз’ етті…», – деп қорытындылады Дана Нұржігіт.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 49
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары