Жігер Ауыпбаев пранк той жасап, беташарға 2 миллионнан аса ақша жұмсаған.
Нұрлан Еспанов әнші Жігер Ауыпбаевтың «тойына» қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Мен кешігіп келдім. Ештеңені білмедім. Маған сәлем салғызды, 22 мың теңге салдым. Ән айтамын деп дайындалып келгенмін. Ашып қалған кезде шошып кеттім. Жастар бақытты болсын, деп сұхбат беріп жүрмін. Аман Тасыған бетін сіз ашыңыз дегеннен кейін, ойымда ештеңе жоқ ашып қалып едім, шок болдым. Сасқанымнан Жігерге: шын ба?, деппін ғой», — деді Нұрлан Еспанов.
Айта кетейік, әнші Жігер Ауыпбаев пранк той жасап, беташарға 2 миллионнан аса ақша жұмсаған.