$ 443.44  480.51  4.88

«Велосипедпен ағашқа соғылған»: Бурабайға демалуға барған оқушы мерт болды

Астаналық жасөспірім алған жарақатынан оқиға орнында жан тапсырды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Ақмола облысының полициясы Бурабайда оқыс оқиғадан қаза тапқан жасөспірімнің өлімінен кейін қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Белгілі болғандай, кәмелетке толмаған бала жалға алған велосипедпен ағашқа соғылған. Астаналық жасөспірім алған жарақатынан оқиға орнында жан тапсырды.

«Қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін қызметтерді көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптамалар жасалады, тергеу жүріп жатыр», - деп мәлімдеді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, танымал ақын серікзат Дүйсенғазының ұлы 2023 жылдың қаңтарында Ақмола облысындағы тау-шаңғы курортында қаза тапқан болатын. Жуырда бұл іске қатысты сот үкімі шықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары