$ 443.44  480.51  4.88

Алматыда баласы анасын әбден ұрып-соққан

Ұлы анасының есебінен күн көріп, еш жерде жұмыс істемеген. 

Фото: НеМолчи
Фото: НеМолчи

Алматыда анасын әбден ұрып, бет-аузын көгерткен ер адам 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оны ішімдікке тәуелділіктен мәжбүрлеп емдеу мәселесі бойынша сот отырысы өтпек.

«НеМолчи» қорының  негізін қалаушы Дина Таңсәрінің айтуынша, желіде еш жерде жұмыс істемейтін, өз анасын үнемі соққыға жығып, оның есебінен өмір сүретін маскүнем ұл туралы ақпарат тарады. Ер адам анасын 1 мамыр күні түстен кейін соққыға жыққан.

«Көмек сұрап айқайлаған дауысты естіген көршілері пәтерді іздеген. Пәтерді тауып, ішке кірмек болған кезде ер адам есікті ішінен ашып, қашып кетпек болған. Есік сынған. Өйткені ер адам үйге үнемі есікті сындыру арқылы кіріп жүрген», - делінген хабарламада.

Ал зейнеткер кейуананың айтуынша, бұл жағдай бірінші рет болып тұрған жоқ. Ұлы анасының есебінен күн көріп, еш жерде жұмыс істемеген. Қарт әйел бұған дейін полицияға шағымданған.

Осы оқиғаға байланысты полиция департаменті түсініктеме берді.

«Денсаулыққа зиян келтіру фактісі бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалып, құқық бұзушы 10 тәулікке қамауға алынды. 13 мамырда Медеу аудандық азаматтық сотында оны маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу мәселесі бойынша сот отырысы өтеді», - делінген ПД хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 10

Серіктес жаңалықтары