$ 443.44  480.51  4.88

Шымкентте полицей көшедегі қызға қол көтерген (ВИДЕО)

Көмекке ұмтылған тұрғындар анықтағандай, қызды екі ағасы ұстап алып, анасына апарып бермек болған.

Фото:  видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Шымкентте полицейдің қыздарға күш көрсетіп, біреуін ұрып жібергені видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы  Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, екі ер адам бір қызды күштеп алып кетпек болған. Көмек сұрап жан дауысы шыққан қызға көшеде кетіп бара жатқан екі қыз араша түседі. Олар полицей шақырған. Оқиға орнына полицей формасын киген ер адам келген. Қыздар оның кім екенін сұрап, құжатын көрсетуді талап етеді және жағдайды телефонның камерасына түсіріп алмақ болады. Бірақ полицей қыздың қолын қағып, оның бетінен салып қалады. Осыдан кейін қыздарға белгісіз біреулер қайта-қайта қоңырау шалып, жағдайды «жақсылықпен шешейік» деп ұсыныс жасаған.

Көмекке ұмтылған тұрғындар анықтағандай, қызды екі ағасы ұстап алып, анасына апарып бермек болған. Жәбірленушінің сөзінше, анасы оған қорлық көрсетеді екен.

Шымкент полициясының баспасөз қызметі редакцияның қоңырауларына жауап бермеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#полиция