$ 455 € 498.77 ₽ 5.56

Криштиану Роналдудың 7 метрлік мүсіні ашылды

Мүсінде Роналдудың гол соққаннан кейінгі әйгілі «Siu!» қимылы бейнеленген.

Фото: Shanghai Observer
Фото: Shanghai Observer

21 қарашада Шанхайдың Нанкин көшесінде португалиялық футболшы Криштиану Роналдудың 7 метрлік мүсіні ашылды. Сол күні қалада футболшының материктік Қытайдағы алғашқы музейі де келушілерді қабылдай бастады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Мүсінде Роналдудың гол соққаннан кейінгі әйгілі «Siu!» қимылы бейнеленген. Мүсіннің биіктігі футболшының 7-нөмірлі жейдесіне және музей орналасқан Shanghai No. 1 әмбебап дүкенінің 77 жылдығына орай таңдалған.

Аумағы 3 мың шаршы метрге жуық музейде Роналдудың Мадейра аралындағы балалық шағынан бастап кәсіби футболдағы жетістіктеріне дейінгі жолы көрсетілген. Көрмеге 50-ден астам жәдігер қойылған. Олардың арасында 2008 жылғы «Алтын доп», Зинедин Зидан мен командаластары қол қойған жейде және Португалия құрамасы жеңіп алған Еуропа чемпионатының кубогы бар.

Музейдің ашылуына футболшының ағасы Угу Авейру қатысты. Ол көрмеге қойылған жүлделер Роналдудың еңбекқорлығы мен табандылығын көрсететінін айтты. Футболшының өзі музейге қолтаңбасы қойылған жейдесін сыйға жіберді.

5 қарашада Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтағанын жариялады. Ол ұлттық құрама сапында 234 матч өткізіп, 146 гол соқты. Португалиямен бірге 2016 жылы Еуропа чемпионы атанып, Ұлттар лигасын екі рет жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0