Ербол Хамитов 2026 жылы Италияда өткен Қысқы Паралимпиада ойындарында парабиатлонның 4,5 шақырымдық із кесу жарысында алтын медаль иеленген.
Қазақстандық параспортшы Ербол Хамитов Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен паралимпиялық джиу-джитсудан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Парабиатлоннан Қысқы Паралимпиада чемпионы атанған отандасымыз Абу-Дабиде өткен жарыста қарсыластарынан басым түсті. Оның айтуынша, жарыс барысында қара белбеу иелерін де жеңген.
Еске салайық, Ербол Хамитов 2026 жылы Италияда өткен Қысқы Паралимпиада ойындарында парабиатлонның 4,5 шақырымдық із кесу жарысында алтын медаль иеленген.