$ 444.76 € 495.37 ₽ 5.37

Усман Нұрмағамедовтің командасы Мераб Двалишвилиді соққыға жықты (ВИДЕО)

"Неткен пасық әрекет".

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

UFC-дің бұрынғы чемпионы Мераб Двалишвили Абу-Дабидегі қонақүйлердің бірінде соққыға жығылған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Спортшының айтуынша, оған және оның досына жеңіл салмақтағы PFL чемпионы белбеуінің қазіргі иегері ресейлік Усман Нурмагомедов пен оның командасы шабуыл жасаған.

"Қонақүйдің холлында сұхбат беріп жатқан едім, Усман достарымен бірге артымнан келіп, мені және досымды ұра бастады. Күзет мені ұстап тұрды – олар біз жерде бейшаралардай жатқанда тепкілеуді жалғастырды", - деп жазды Двалишвили әлеуметтік желіде.

"Неткен пасық әрекет. Сендер қандай файтерсіңдер өзі? Қандай еркек мұндай іске барады? Төбелескілерің келсе – еркекше істеңдер. Жігіттер, сендер еркек емес екендеріңді көрсеттіңдер. Менде бәрі жақсы, мен жауынгермін! Мен үшін бұл ештеңе емес. Бірақ бұл сендердің шын мәнінде кім екендеріңді көрсетеді!" - деп мәлімдеді Двалишвили.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0