Қазақстанның 2027/28 жылғы еурокубок маусымындағы төрт өкілі толық анықталды. Соңғы жолдама Қазақстан Кубогының финалынан кейін өз иесін тапты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Шешуші кездесуде «Ордабасы» Қызылорданың «Қайсарын» 4:1 есебімен жеңіп, ел кубогын иеленді. Шымкенттік клуб бұған дейін Қазақстан Премьер-лигасында чемпиондық атақты мерзімінен бұрын қамтамасыз еткен болатын. Осылайша, команда маусымды алтын дубльмен аяқтап, Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіне жолдама алды.
Қазақстанның еурокубоктегі қалған үш орнын «Қайрат», «Астана» және «Оқжетпес» иеленді. Бұл клубтар Конференциялар лигасының іріктеу кезеңінде бақ сынайды.
Әсіресе, көкшетаулық клуб үшін Кубок финалының нәтижесі маңызды болды. «Оқжетпес» чемпионатты 54 ұпаймен төртінші орында аяқтағанымен, еурокубокке қатысу мүмкіндігі «Ордабасының» финалдағы нәтижесіне тәуелді еді. Шымкенттіктердің кубокты жеңіп алып, Чемпиондар лигасына жолдама алуына байланысты бос орын чемпионаттың төртінші командасына берілді.
Осылайша, Қазақстан клубтары еурокубоктердегі жорығын мына кезеңдерден бастайды: