Республика бойынша жел күшейеді.
Қазгидромет 7–9 қарашаға арналған Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Алдағы күндері Қазақстан аумағында бірнеше циклонның өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Кезеңнің басында солтүстік өңірлер арқылы солтүстік циклонның жырасы өтсе, 8 қарашадан бастап еліміздің аумағы арқылы оңтүстік циклон жылжиды.
Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар, ал оңтүстік өңірлерде жаңбыр жауады деп күтіледі.
8 қарашада батыс өңірлерде нөсер жаңбыр, 9 қарашада солтүстік-батыс пен батыста қатты жауын-шашын (жаңбыр мен қар), еліміздің оңтүстігінде күндіз нөсер жаңбыр болжанады.
Республика бойынша жел күшейеді. Түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі. Еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде көктайғақ болады.
Ауа температурасы:
Еліміздің қалған өңірлерінде ауа температурасының айтарлықтай өзгеруі күтілмейді.