Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ақтөбеде бұрынғы ерлі-зайыптылар арасындағы тұрмыстық жанжал қайғылы жағдаймен аяқталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әйелдің өліміне қатысты күдікпен бұрынғы күйеуі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Алдын ала мәлімет бойынша, бұрынғы ерлі-зайыптылар арасында тұрмыстық жанжал болған.
Десе де, полиция бұған дейін аталған тұлғалардың арасында тұрмыстық жанжал болғаны туралы ешбір арыз-шағым мен хабарламалар түспегенін айтады.
Күдікті 1995 жылы ал жәбірленуші 2000 жылы туған екені белігілі болды. Адам өлтіру дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабымен қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.