$ 447.14 € 499.54 ₽ 5.46

«Жалған ақпаратқа сенбеңіздер»: Шавкат Рахмоновтың командасы мәлімдеме жасады

Фото: Әлеуметтік желі
Фото: Әлеуметтік желі

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмоновтың (19-0) командасы спортшының қазіргі жағдайына қатысты пікір білдірді. Dar Pro Team өкілдері желіде тараған ақпаратқа сенбеуге шақырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Шавкат Рахмоновтың жағдайы жақсы, бәрі жоспар бойынша жүріп жатыр! Интернеттегі жалған ақпаратқа сенбеңіздер», – деп мәлімдеді файтердің командасы.

Бұған дейін Рахмонов X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жаттығу барысы туралы жазба жариялаған болатын.

«Тағы бір ауыр жаттығу аптасы аяқталды. Күн сайын күшейіп келемін», – деп жазды спортшы.

Алайда бұған дейін БАҚ-та қазақстандық файтердің тізесіне қатысты мәселесі әлі де бар екені туралы ақпарат тараған еді.

Шавкат Рахмонов октагонға соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында шықты. Сол кездесуде ол ирландиялық Иэн Гэрриді (17-2) төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0