Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін, 10 қазанда елордада Ресейдің «Авангард» (Омбы) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Кездесу барысында қазақстандық команда қарсылас қақпасына үш шайба енгізсе, оған ресейлік клуб бір голмен жауап қайырды. Үшінші кезеңде елордалық ұжым тағы екі шайба енгізді.
«Барыс» (Астана, Қазақстан) - «Авангард» (Омбы, Қазақстан) 5:1 (1:1, 2:0, 2:0)
0:1 - Якупов (Чистяков, Рашевский) - 04:06
1:1 - Томпсон (Логвин, Приски) - 08:12
2:1 - Бэйли (Данияр См., Дэй) - 23:51
3:1 - Морелли (Дэй, Симонов) - 36:02
4:1 - Бэйли (Данияр См., Пилон) - 43:19
5:1 - Томпсон (Симонов, Морелли) - 56:44
Қақпашылар: Шутов - Серебряков.
Осылайша «Барыс» қарсыласынан 5:1 есебімен басым түсіп, турнир кестесіндегі жағдайын жақсарта түсті.