Рыбакина өзі үшін ерекше орны бар төрт қаланы атап, олардың әрқайсын неліктен жақсы көретінін түсіндірді.
Әлемнің бірінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Алматыны әлемдегі ең сүйікті қалаларының бірі деп атады. Бұл туралы спортшы қытайлық жанкүйерлерге арналған арнайы жобада айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Рыбакина өзі үшін ерекше орны бар төрт қаланы атап, олардың әрқайсын неліктен жақсы көретінін түсіндірді.
"Мен Мәскеуді атар едім, өйткені сол қалада дүниеге келдім. Алматыны да ерекше жақсы көремін. Сондай-ақ, Мельбурн мен Лондонды айтар едім. Ол жақтарда достарым көп. Оның үстіне Лондонда Уимблдон турнирінде жеңіске жеттім", – деді Рыбакина.