$ 455.12 € 498.99 ₽ 5.55

ШҚО-да мас жүргізуші полициядан қашып, 30 тәулікке қамалды

Тексеру барысында 21 жастағы жігіттен алкогольдік масаңдық белгілері байқалған. 

фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков
фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданында полицейлердің тоқтау туралы талабына бағынбаған 21 жастағы жүргізуші ұсталды. Тексеру кезінде оның алкогольдік масаң күйде көлік басқарғаны анықталды. Сот шешімімен жас жігіт 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

Оқиға Шемонаиха ауданындағы елді мекендердің бірінде болған. Патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері жергілікті тұрғын басқарған автокөлікті тоқтатуға әрекет жасаған.

Алайда жүргізуші тәртіп сақшыларының заңды талабына бағынбай, жолын жалғастырған. Полицейлер көліктің соңынан түсіп, көп ұзамай оны тоқтатқан.

Тексеру барысында 21 жастағы жігіттен алкогольдік масаңдық белгілері байқалған. Медициналық куәландыру оның орташа дәрежедегі мас күйде болғанын растады.

Осы жағдайға байланысты Шемонаиха аудандық соты жүргізушіні 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алу туралы шешім шығарды.

Полиция өкілдері мас күйде көлік жүргізу және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талабына бағынбау жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін ескертті.

«Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ. Жол қауіпсіздігі әрбір жүргізушінің жауапкершілігінен басталады», – деп мәлімдеді құзырлы орган.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0