$ 455.12 € 498.99 ₽ 5.55

Қазақстанның интернеті Токиодан да жылдам ба? Министр жауап бермеді

Алайда Қазақстанның интернеті Токиодан жылдам ба деген сұраққа нақты жауап бермеді. 

Фото: Видео скриншот
Фото: Видео скриншот

ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев еліміздегі интернет сапасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Журналист тұрғындардың интернетке жиі шағымданатынын айтып, оның сапасы Токиодан әлі де жоғары ма деп сұрады.

Министр әр елдің көрсеткіші әртүрлі екенін, Қазақстандағы интернеттің бағасы сапасына сай әрі қолжетімді екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ ол тәуелсіз зерттеулер мен статистикалық деректерге сүйеніп, еліміздегі интернет жылдамдығы тиісті деңгейде екенін айтты.

Алайда Қазақстанның интернеті Токиодан жылдам ба деген сұраққа нақты жауап бермеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0