Grand Slam турнирі 29-31 қазан аралығында өтеді.
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Абу-Дабиде (БАӘ) өтетін «Үлкен дулыға» турниріне қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Тізімге Қазақстан құрамасынан жеті ер спортшы кірді.
60 келіге дейін: Елдос Сметов, Талғат Орынбасар
66 келіге дейін: Ғұсман Қырғызбаев, Ақылжан Жұбатқанов
81 келіге дейін: Жалғас Қайролла
90 келіге дейін: Айдар Арапов
100 келіге дейін: Марат Байқамуров
Айта кетейік, тізімге өзгерістер енгізілуі мүмкін. Grand Slam турнирі 29-31 қазан аралығында өтеді.