$ 448.94 € 502.05 ₽ 5.26

«Олар Криштиануды бағаламайды»: Роналдудың анасы жанжалдан кейін ұлына араша түсті

"Ол Португалия үшін көп еңбек сіңірді және әрдайым жанынан табылды". 

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Португалия құрамасының жұлдызды шабуылшысы Криштиану Роналдуның анасы Мария Долорес Авейру ұлының ұлттық құрама бапкерімен арадағы шиеленісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Анасының пайымдауынша, португалиялықтар ұлының футболға қосқан үлесін тиісті деңгейде бағаламай отыр.

"Ол Португалия үшін көп еңбек сіңірді және әрдайым жанынан табылды. Ол әрқашан Португалияның қаһарманы болды. Оны лайықты деңгейде бағаламайды. Криштиануды қадірлемей жүр. Ол - бізде бар бірегей португалиялық", - деді ол Португалия телеарнасына берген сұхбатында.

Бұдан бөлек, ол Криштиануды ұлттық құрамадан кетпеуге көндіруге тырысқанын айтты.

"Мен оған сабыр сақтауды айттым, бірақ ол бәрібір осылай жасауды жөн көрді. Көре жатармыз. Мен оны барынша қолдадым, бірақ одан ештеңе шықпады", - деп басылым Мария Долорестің сөзін келтіреді.

Еске сала кетейік, 1 қазанда Ұлттар лигасы аясындағы Португалия мен Дания матчі қарсаңында Роналду құрама лагерінен кетіп қалған болатын. Бұл оқиға бапкер Жорже Жезуш баспасөз мәслихатында Криштианудың келесі ойынның құрамына кірмейтінін мәлімдегеннен кейін болды.

Біраз уақыттан кейін Роналду құрамадан кетуінің себебін ашып айтты. Оның сөзінше, бапкер берген уәдесінде тұрмаған және оны алаңға шығару ниеті болмаса да, жаттығу жасауға мәжбүрлеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0