$ 446.56  512.34  5.3

Қазақстан шахматшылары Олимпиадада қатарынан үшінші рет жеңіске жетті

Кездесу Қазақстан құрамасының 3,5:0,5 есебімен жеңісімен аяқталды. 

Фото: әлеуметтік желі
Фото: әлеуметтік желі

Қазақстан әйелдер құрамасы Самарқандта өтіп жатқан 46-шы әлемдік шахмат Олимпиадасының үшінші турында Словения құрамасын ірі есеппен жеңді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Кездесу Қазақстан құрамасының 3,5:0,5 есебімен жеңісімен аяқталды. Алуа Нұрман Зала Урхтан басым түссе, Елназ Қалиахмет Надия Шпанконы ұтты. Зарина Нұрғалиева да Анжи Беберден жеңіс алып, команда қоржынына толық ұпай қосты.

Ал бірінші тақтада ойнаған Бибісара Асаубаева Лаура Унукпен тең түсті. Бұл шахматшының турнирдегі қатарынан екінші тең ойыны болды.

Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасы Олимпиададағы үш кездесуінің барлығында жеңіске жетті. Бұған дейін қазақстандық шахматшылар Ботсвана және Исландия құрамаларынан басым түскен.

Әйелдер арасындағы бәсекеге биыл 189 команда қатысып жатыр.

Ал ерлер құрамасы үшінші турда Францияға 0,5:3,5 есебімен жол берді. Қазақстан сапындағы жалғыз жарты ұпайды Денис Махнев еншіледі. Ол 2021 жылғы блицтен әлем чемпионы Максим Вашье-Лагравпен тең түсті.

Сауат Нұрғалиев, Алдияр Аңсат және Жандос Ағманов қарсыластарына есе жіберді. Бұған дейін ерлер құрамасы алғашқы екі турда Гаити мен Нигерияны жеңген еді.

Әлемдік шахмат Олимпиадасының ерлер додасына 205, ал әйелдер бәсекесіне 189 құрама қатысып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0