$ 447.88  516.58  5.29

Елде жақын күндері ауа райы күрт өзгереді

Температураны төмендетіп, жауын-шашынды тоқтатқан антициклоннан кейін ел аумағына циклон жылжи бастайды. 

Фото: Zakon.kz
Фото: Zakon.kz

Синоптиктер 17, 18 және 19 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады. Оған сәйкес елде жақын күндері ауа райы күрт өзгереді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Температураны төмендетіп, жауын-шашынды тоқтатқан антициклоннан кейін ел аумағына циклон жылжи бастайды.

«Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынның тоқтап, ауа температурасының төмендеуіне себеп болған антициклонның артынан еліміздің батыс, кейін солтүстік өңірлеріне жаңбыр, найзағай және екпінді жел алып келетін циклон жылжи бастайды», – делінген хабарламада.

Ал республиканың оңтүстігінде Өзбекстан аумағынан келетін жылы ауа массаларының ықпалымен жауын-шашынсыз, негізінен жылы ауа райы сақталады.

  • 17 қыркүйекте елордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +6…+8°С, күндіз +23…+25°С көрсетеді.
  • 18 қыркүйекте де көшпелі бұлт сақталып, жауын-шашын болмайды. Түнде +12…+14°С, күндіз +23…+25°С.
  • 19 қыркүйекте көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жаууы күтіледі. Ауа температурасы түнде +11…+13°С, күндіз +19…+21°С болады.

Алматы

  • 17 қыркүйекте Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде температура +12…+14°С, күндіз +25…+27°С болады.
  • 18 қыркүйекте де жауын-шашынсыз, құрғақ ауа райы күтіледі. Түнде +12…+14°С, күндіз +27…+29°С.
  • 19 қыркүйекте де көшпелі бұлт сақталып, жауын-шашын болмайды. Түнде температура +13…+15°С, күндіз +29…+31°С-қа дейін көтеріледі.

Шымкент

  • 17 қыркүйекте қалада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде температура +14…+16°С, күндіз +28…+30°С.
  • 18 және 19 қыркүйекте де жауын-шашын күтілмейді. Түнде +16…+18°С, күндіз +30…+32°С болады. 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0